§16. Микроэлементтің және макроэлементтің организмдер тіршілігіндегі рөлі

Жасушалардың тіршілік әрекетінің негізгі шарттарының бірі - мыңдаған заттардың қатысуымен жүретін алуан түрлі химиялық процестер.

Тірі организмдердің жасушалары химиялық құрамы бойынша ұқсас. Бұл органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсетеді. Тіpi организмдердің құрамында химиялық элементтердің едәуір мөлшері табылған, олардың біреулері көп мөлшерде болса, басқалары аз мөлшерде болады.

Микроэлемент және макроэлемент
  • Макроэлементтер
    • Тірі организмдердің көптүрлілігі олардың жасушаларында алуан түрлі нәруыз молекулаларының және нуклеин қышқылдарының болуымен байланысты деп айтуға болады. Сондықтан оттек, сутек, көміртек, азот макроэлементтер деп аталатын топты құрайды. Бұған күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір де кіреді (оларға жасуша құрылымының 1,9%-ы тиесілі).
  • Микроэлементтер

    Организмдер жасушаларында өте аз мөлшерде (0,01%-дан аз) тіршілік үшін маңызды элементтер кездеседі. Олар микроэлементтер тобын құрайды. Бұлар: мырыш, молибден, мыс, фтор, бор, марганец, алюминий және т.с.с. Осы элементтердің қандай да біреуінің пайыздық мөлшері оның организмдегі маңыздылық көрсеткіші болып табылмайды. Олардың біреуінің жетіспеушілігі не артық болуы организмнің тіршілігіне, іс-әрекетінің бұзылуына, аурулардың дамуына әкеліп соқтырады.

Элемент түрі

Мысал элементтер

Ағзадағы рөлі

Макроэлементтер

Оттек (O), Көміртек (C), Сутек (H), Азот (N), Фосфор (P), Кальций (Ca), Калий (K), Магний (Mg)

Нәруыздар, көмірсулар, майлар, ДНҚ құрамына кіреді

Энергия алмасу процестерінде маңызды

Бұлшықет және жүйке жұмысына қатысады

Сүйектер мен тістердің беріктігін қамтамасыз етеді

Микроэлементтер

Темір (Fe), Йод (I), Цинк (Zn), Кобальт (Co), Мыс (Cu), Фтор (F), Марганец (Mn)

Ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді

Қан түзуге және иммундық жүйеге қатысады

Оттегін тасымалдау (Fe)

Тироксин гормонын түзу (I)

Тіс кіреукесін қатайтады (F)

Сәйкестендір (Макро мен микро)

Элементтер

А. Макроэлемент

В. Микроэлемент

Кальций



Темір



Фосфор



Мырыш



Магний








Мәтін: "Сара күн сайын фастфудпен тамақтанып, көкөніс жемейтін. Бір күні дәрігер оның ағзасында темірдің жетіспеушілігі бар екенін айтты. Темір – қан құрамындағы гемоглобиннің құрамына кіреді."

Сұрақтар:
  1. Сара неге өзін әлсіз сезінген болуы мүмкін?
  2. Темірдің жетіспеуі қандай ауруға әкелуі мүмкін?
  3. Темірге бай қандай тағамдарды ұсынар едің?


Made on
Tilda