§12. Өсімдіктер мен жануарларды анықтауда Дихотомиялық анықтамалықтарды қолдану

Өсімдіктер мен жануарларды қандай да бір белгілеріне қарап қалай анықтауға болады?
Ол үшін анықтамалық кітаптарды пайдалану керек. Анықтамалықтарда өсімдіктер мен жануарлар туралы қысқаша мәліметтер беріледі, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жүйесіндегі орны көрсетіледі
Түрлерді анықтау тәсілі.
    • Түрлерді анықтау тәсілі. Қазіргі кезде өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың және басқа тірі организмдердің жүз мыңдаған түрлері белгілі. Олардың атауын, қандай түрге жататынын анықтау үшін арнайы анықтамалық кестелер, сызбалар каталогтер, шығарылған. Кейбір түрлерді түрлі түсті суреттер арқылы, мысалы, көбелектің мейлінше қанық боялған түрлерін, әсіресе желкенділер тұқымдасын, тауыскөздер туысын, ақ көбелектерге жататындарын анықтауға болады.
    • Бізді қызықтырушы объект нақты қандай түрге жататынын білу үшін арнайы кұрал анықтамалықтармен яғни дихотомиялық кілттермен жұмыс істеуді үйрену қажет. Дихотомиялық кілттердің көмегімен зерттеушінің алдында организмнің қандай түрі мен туысы тұрғанын анықтай алады. Кілттер екі сатыдан тұрады. Әр сатыдағы белгілер сипаттамасы бір-бірін толық жоққа шығарады.
Шығармашылық тапсырма
Тапсырма: Өз аймағыңыздағы 3 өсімдік пен 3 жануарға арналған дихотомиялық кілт құрастырыңыз.

Мысалы:
  1. a) Жапырағы ине тәрізді → Қылқанды өсімдік
  2. b) Жапырағы жалпақ → Жалпақжапырақты өсімдік
Сөйлемдерді жалғастырыңыз
  • Теза дегеніміз
    Теза қандай да болмасын белгінің сипаттамасы
  • Антитеза бұл -
    антитеза қарама-қарсы белгінің сипаттамасы
  • Дихотомиялық кілттерді неге пайдаланады
    Дихотомиялық кілттердің көмегімен зерттеушінің алдында организмнің қандай түрі мен туысы тұрғанын анықтай алады
  • Дихотомиялық анықтамалық далалық жұмыстарда неге тиімді?
    Себебі ол күрделі ғылыми атауларды білмей-ақ, қарапайым сипаттамалар арқылы ағзаны тануға мүмкіндік береді.
Made on
Tilda