§13. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыс ерекшеліктері
Жасуша қабықшасының
басты рөлі жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Жасуша қабықшасы арқылы жасушаға су мен қоректік заттар түсіп, тіршілік әрекетінің өнімдері сыртқа шығарылады.
Цитоплазма
Цитоплазма жасушаның ішін толтырын тұратын зат, ол үнемі және баяу қозғалып тұрады. Онда белгілі бір қызмет атқаратын жасушалық құрылымдар - органоидтер болады.
Ядро
Ядро -жасушаның ең маңызды бөлігі, ол көбеюге жауапты
(бөліну).
Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады.
Жануарлар жасушасында вакуольдер жоқ. Тек қана біржасушалы организмдерде ғана бар. Мысалы, кәдімгі амебада (біржасушалы жануарлар) асқорыту вакуолі (қоректің ыдырауына жауапты) және жиырылғыш вакуолі (артық судың сыртқа шығарылуына жауапты) болады.
Құрылым атауы | Өсімдік жасушасы | Жануар жасушасы |
Хлоропласт | ||
Центриоль | ||
Ірі вакуоль | ||
Жасуша қабығы |