§14. Ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі
ТҮЗУШІ ҰЛПА
тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар түзеді, нәтижесінде өсімдік өсіп дамиды. Түзуші ұлпаларға сабақта орналасқан камбий жатады. Оның жасушаларының бөлінуі нәтижесінде сабақ жуандап өседі.
НЕГІЗГІ ҰЛПА
фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалардан тұрады. Фотосинтездеуші ұлпалар жасуша қабықшасы жұқа тірі жасушалар жиынтығынан тұрады, олардың цитоплазмасында көп мөлшерде хлоропластар болады. Бұл ұлпалардың негізгі қызметі - фотосинтез процесіне қатысу.
ТІРЕКТІК ҰЛПА
ӨТКІЗГІШ ҰЛПА
суда еріген минералды заттарды тамырдан өсімдіктің жер беті бөліктеріне және органикалық заттардың жапы-рақтан басқа мүшелерге жеткізілуіне жауапты. Бұл қызметті сүрек түтіктері мен тіннің сүзгі тәрізді түтіктері аткарады.
БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПА
Бөліп шығарушы ұлпаларга шайыр жолдары, шірнелік, сүт жолдары жатады.
ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПА