Зерттеу пәні – ғылыми тұрғыдан қызығушылық танытатын және қарастырылатын нысанның жан-жақты сипаты мен қасиеті. Мысалы, тау жынысын зерттейтін болсақ, оның тереңдігін, қалыңдығын қарастырамыз; ал ақбөкенді зерттейтін болсақ, жылдық өсімін, Қазақстан аумағындағы таралымына көңіл бөлеміз. Зерттеу пәні «Не зерттеледі?» деген сұраққа жауап беруі тиіс.