2-тақырып.

БІЗДІ ҚОРШАҒАН ДҮНИЕДЕГІ СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Табиғаттағы құбылыстар үнемі өзгеріп, бірін-бірі туындатады. Оларды іштей екі топқа бөліп, айнымалы тәуелді және айнымалы тәуелсіз құбылыстар деп атаймыз.
  • Айнымалы тәуелсіз құбылыстар деп жаңа құбылыстардың пайда болуына себеп болатын жағдайларды айтамыз. Мысалы, қар мен жаңбыр жауды

  • Айнымалы тәуелді деп табиғаттағы белгілі бір құбылыстың салдарынан қалыптасқан жағдайды айтуға болады. Мысалы, көп жауған қардан кейін қар көшкіні, ал толассыз жаңбырдан соң сел болуы мүмкін

Салдарлы құбылыс дегеніміз не?
Салдарлы құбылыс – себепті құбылыстың әсерінен туындап, өз құрылымы мен қасиетінде оның ізін сақтап қалатын құбылыс.
Мысал: Өсімдік пен жануар қалдықтары өткен дәуірдің табиғат жағдайлары туралы мәлімет береді.
Тау жыныстары магнитті өрістің әсерін сақтап қалуы мүмкін.
Себеп пен салдар арасындағы байланыс
Кез-келген себеп белгілі бір жағдайда салдарға әкеледі.
Мысал: Таудағы ауа температурасының көтерілуі → мұздықтардың еруі → өзендерде су деңгейінің көтерілуі → сел қаупі.
Бұл байланыс табиғатта өте күрделі және көп сатылы болуы мүмкін.
Себеп-салдарлық байланыстың күрделілігі
Қоршаған ортаны зерттеген сайын адамдар себеп пен салдардың арасындағы байланысты терең түсіне бастады.
Күрделі табиғи мысалдар: Жер сілкінісінен кейінгі цунами, орман өртінен кейінгі экожүйенің өзгеруі.
Себеп пен салдарды түсіну табиғаттағы құбылыстарды болжауға көмектеседі.
Made on
Tilda