3-тақырып.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
  • Зерттеудің мақсаты – жұмыс аяқталғанша міндетті түрде шешімі шығарылуы қажет болатын соңғы нәтиже. Алға қойған зерттеудің мақсаттары: ... анықтау, ... білу, ... дәлелдеу, ... нақтылау, ... түсіндіру, ... айқындау, ... дайындау және т.б. Зерттеу нысаны және пәні арқылы зерттеудің мақсаты анықталады.


    Мысал:

    Мақсат: Ауламыздағы өсімдіктердің түрлерін анықтау.

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін, келесі кезеңде зерттеудің міндеттері айқындалуы тиіс. Міндетті дұрыс және нақты қоя білу керек. Сол арқылы зерттеудің жүйелі жоспары құрылады.


    Мысал:
    Міндеттері: 1. Аулада өсетін өсімдіктерді бақылау.
    2. Өсімдіктердің атауларын анықтау үшін кітап пен интернетті қолдану.
    3. Әр өсімдік түрінің жапырағын, гүлін суретке түсіру немесе сызу.
    4. Ауладағы ең көп таралған өсімдікті табу.

«Зерттеудің мақсаты мен міндеті»


Зерттеу нысаны


Мақсаты

Міндеттері

Аулада өсетін өсімдіктер

Аулада өсетін өсімдіктердің түрлерін анықтау

– Өсімдіктерді бақылау

– Түрлерін жазу

– Суретін салу немесе түсіру

Мектеп жанындағы құстар

Құстардың санын және түрін есептеу

– Құстарды күнде таңертең бақылау

– Құстардың даусын жазып алу

– Сурет салу

Ауа температурасы

Бір аптадағы ауа райының өзгерісін бақылау

– Күн сайын ауа температурасын өлшеу

– Нәтижелерді дәптерге жазу

– График жасау

Төмендегі сөйлемдерді толықтыр:

  1. Зерттеудің мақсаты – _______________________.
  2. Зерттеудің міндеттері – _______________________.
  3. Егер зерттеу нысаны “ауадағы температура” болса, мақсаты: ___________________________.
Төмендегі қатардан зерттеудің нысанын емес ұғымды тап:
  • өсімдік
  • құмырсқа илеуі
  • ауа температурасы
  • қоңырау соғу уақыты

Зерттеу нысаны


Зерттеудің мақсаты

Зерттеудің міндеттері

Мектеп ауласындағы ағаштар

Мысал: Ағаш түрлерін анықтау

Әр ағаштың биіктігін өлшеу, атауын жазу

_________________________

_______________________________________________

______________________________________________

_________________________

_______________________________________________

______________________________________________

Made on
Tilda