7-тақырып.

МАКРО ЖӘНЕ МИКРОӘЛЕМ НЫСАНДАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ
Материя – бұл бізді қоршаған дүниенің барлық заттары мен құбылыстарының негізі. Материя дегеніміз – барлық денелердің, заттардың және оларда жүретін үдерістердің жиынтығы. Ол көзге көрінетін де (ағаш, тас, ауа), көрінбейтін де (молекула, атом, энергия) түрде болады.

Мысалы:
  • Ағаш – қатты материя.
  • Су – сұйық материя.
  • Ауа – газ тәрізді материя.
  • Жарық, жылу – энергия түріндегі материя.

Әлем түрлері
  • Микроәлем – көзге көрінбейтін кішігірім нысандар: электрондар, атомдар, ядро, жасуша және т.б. Оларды тек қана микроскоппен көруге болады.
  • Макроәлем – бізге таныс нысандар (ағза, түр, популяция, бірлестік, биосфера).
  • Мегаәлем – арақашықтығы ұзақ, өлшемі үлкен ірі нысандар. Оларға планета, жұлдыздар, галактика, бүкіл әлем жатады.
Сәйкестендір

Материя түрі

Мысалы

Қатты

А) Су буы

Сұйық

Ә) Темір

Газ тәрізді

Б) Өзен суы

Энергия түрінде

В) Электр тогы

Made on
Tilda