Жерден Күнге дейінгі арақашықтық. Басқа планеталарға қарағанда Жердің Күнге дейінгі арақашықтығы жердегі тіршілікке қажетті энергия мөлшерін қабылдауына өте қолайлы қашықтықта орналасқан (149 597 870 км). Ол Меркурий және Шолпанға қарағанда қатты ыстық емес, Марс пен Юпитер сияқты суық емес. Жердің орташа температурасы – 15,5о С.