9-тақырып.

ЖЕР ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ


Географиялық қабық – литосфера, гидросфера және атмосфера қабықтарының өзара әрекеттесуі және өзара араласуы нәтижесінде Күн энергиясының және органикалық дүниенің әсерінен пайда болған табиғи кешен

  • Зат және энергия айналымы

    Атмосферадағы ауа қозғалысы гидросферамен байланысып, дүниежүзілік су айналымын тудырады. Бұл айналымдар табиғат компоненттерін біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
  • Биологиялық айналым


    Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газы мен судан органикалық зат түзеді. Жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары ыдырап, минералды затқа айналады. Бұл заттар қайтадан өсімдіктерге сіңіп, айналым жалғасады.
  • Ағзалардың табиғатқа әсері

    Ағзалар мұхит суынан минералдарды сіңіріп, бақалшықтар мен қаңқаларды қалыптастырады. Сондай-ақ, тау жыныстарын үгітіп, олардың бұзылуына әсер етеді. Гидросфера көптеген тіршілік иелері үшін негізгі мекен болып саналады.
1. Толықтыру
  1. Атмосферадағы ауаның қозғалысы _________ айналымына себеп болады.
  2. Биосферадағы ағзалар гидросферадағы судың ________ деңгейіне әсер етеді.
  3. Тау жыныстарын үгітетін ағзалар бөлетін зат – _______.
2. Сызбаны аяқта
“Мұхит – Атмосфера – Құрлық” өзара әрекеттесуін сызба түрінде көрсет. Әр кезеңге мысал жаз.


Топтық тапсырма (талқылау)

Сұрақ: Егер зат және энергия айналымы тоқтаса, географиялық қабықта қандай өзгерістер болар еді?
Міндет: Топ ішінде талқылап, 3 салдар жазыңдар.

Шығармашылық тапсырма
“Зат айналымы – табиғаттағы өмірдің кепілі” тақырыбына шағын эссе немесе комикс құрастыр.
Made on
Tilda