10-тақырып.

ЖЕРДЕГІ ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ГИПОТЕЗАЛАР




Абиогенез – тіршілік өлі заттардан пайда болды деген теория. Биогенез – тіршілік тіріден пайда болды деген теория.

  • Креационизм

    Креационизм (лат. сreatio – жаратылу) – тіршілікті Құдай жаратты. Тіршілікті Құдайдың жаратқанын сенім-наным арқылы қабылдауға болады.
  • Панспермия


    Философ, астроном Анаксагор б.з.д. V ғасырда панспермия идеясын ортаға салды. Тіршіліктің негізі метеориттер немесе ғарыш тық шаң-тозаң арқылы жерге түскен.
  • Стационарлы теория

    Стационарлық гипотезаны қолдаушылардың ойынша, Жер ойда-жоқтан пайда болған жоқ, ол мәңгі осылай болған.
  • Биохимиялық теория

    А.И. Опарин мен Дж. Холдейн ұсынған, бұл теория бойынша бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар түзілген. Олар уақыт өте келе күрделеніп, тіршіліктің қарапайым формаларына айналған.
Төмендегі процестерді уақыт тәртібімен реттеп жаз:

  • Органикалық қосылыстардың түзілуі
  • Коацерванттардың пайда болуы
  • Бейорганикалық заттардан органикалық заттардың түзілуі
  • Қарапайым тірі ағзалардың қалыптасуы
Қысқаша жауап бер:
  • Биохимиялық теорияда қандай заттардан тіршілік пайда болды?
  • Коацервант дегеніміз не?
  • Неліктен бұл теория “химиялық эволюция” деп аталады?
Made on
Tilda