13-тақырып.

КАРТАДА АУДАН МЕН АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ӨЛШЕУ

Картада немесе глобуста арақашықтық пен масштаб беріледі.
Нақты қашықтықты табу үшін:
➖ Арақашықтықты масштабқа көбейтеміз.

Мысал 1 Масштаб: 1 : 100 000
Яғни, 1 см картада = 100 000 см жер бетінде.

Картадағы арақашықтық: 5 см

Шешуі: 5 см × 100 000 = 500 000 см
Сантиметрді километрге аударамыз:
500 000 см = 5 000 м = 5 км.
Жердегі нақты қашықтық – 5 км.

  • Ұзындығы 50 км және ені 25 км болатын жер телімінің ауданы, картаның масштабы 1:2 500 000 болған жағдайда қанша см2 болады?
  • Глобуста екі полюстің арақашықтығы – 40 см. Глобустың масштабын табыңдар.
  • Жер бетіндегі С және D нүктелерінің арақашықтығы 4800 км. Бұл нүктелердің картадағы арақашықтығы 8 см. Картаның масштабын табыңдар.
    Шешуі:
    4800 км = 480 000 000 см
    Масштаб = 8 см : 480 000 000 см = 1 : 60 000 000
    Жауабы: картаның масштабы 1:60 000 000
  • Жер бетіндегі екі қаланың арақашықтығы 3960 км. Картада олардың арасы 6,6 см болып көрсетілген. Картаның масштабын табыңдар.
    Шешуі:
    3960 км = 3960 000 м = 396 000 000 см.
    Масштаб = Картадағы қашықтық : Шын қашықтық
    = 6,6 см : 396 000 000 см
    = 1 : 60 000 000.
    Жауабы: Картаның масштабы 1 : 60 000 000.
Made on
Tilda