Шөгінді пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, газ, әктас, фосфорит және т.б.) жазықтарда және олармен шектескен тау баурайларында кездеседі.
Кенді (магмалық) пайдалы қазбалар (темір, мыс, алюминий, алтын және т.б.) – қатпарлы аймақтарда, ежелгі жыныстардың жер бетіне жақын орналасқан тұстарында болады.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған.
Республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие.
Қазақстан Еуразия бойынша хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.