§45. экологиялық жүйе

БИОЦЕНОЗ + БИОТОП = ЭКОЖҮЙЕ

  • Биоценоз – белгілі бір аумақта тіршілік ететін және бір-бірімен өзара байланыста болатын тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер) жиынтығы.
    Демек, биоценоз – бұл орманда, көлде, шалғында немесе кез келген экожүйеде бірге тіршілік ететін барлық тірі организмдер қауымы. Олар бір ортада тіршілік етіп қана қоймай, бір-бірімен қоректік байланысқа түседі, яғни бір-біріне әсер етеді (мысалы: жыртқыш–жануар, паразит–иесі, тозаңдандырушы–өсімдік және т.б.).
  • Өзіне тән климаты және жер бедері бар, белгілі биоценоздардан тұратын құрлық немесе су айдыны биотопты құрайды. Бұл жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен микроағзалардың тіршілік ортасы.
ТАБИҒИ ЭКОЖҮЙЕ
  • Жерүсті экожүйесі


    • Бұл құрлықтағы экожүйелер.
    • Климатқа байланысты әртүрлі болып келеді: тропиктік ормандардан бастап, шөлдерге дейін.
    Құрамына кіреді:
    • Ормандар (тропиктік, қоңыржай, тайга)
    • Дала (степь)
    • Саванналар
    • Тундра
    • Шөлдер

    Мысал:
    Амазонка орманы – әлемдегі ең үлкен жерүсті экожүйесі. Тіршілік иелері: ягуарлар, маймылдар, түрлі құстар, орман ағаштары.
  • Тұщы сулы экожүйе


    • Тұщы суды қамтитын экожүйелер.
    • Су тұздылығы төмен (0,05% шамасында).
    • Құрылымы мен ағзалар құрамы теңізге қарағанда өзгеше.

    Құрамына кіреді:
    • Өзендер
    • Көлдер
    • Батпақтар
    • Тұщы сулы тоғандар
    Мысал:
    Балқаш көлі экожүйесі – балықтар, су өсімдіктері, құстар және жәндіктер.
  • Теңіздік экожүйе


    • Теңіздер мен мұхиттардағы экожүйелер.
    • Тұздылығы жоғары (орташа 3,5%).
    • Жердегі ең үлкен экожүйе – бүкіл биосфераның 70%-ын алып жатыр.

    Құрамына кіреді:
    • Теңіз жағалаулары (маржан рифтері, мангр ормандары)
    • Ашық теңіз аймақтары
    • Терең теңіз түбі

    Мысал:
    Коралл рифі экожүйесі – маржан полиптері, түрлі-түсті балықтар, теңіз тасбақалары, балдырлар мекендейді.
Қазақстанның табиғат зоналары
  • ОРМАН

  • ДАЛА

  • ШӨЛЕЙТ

  • ШӨЛ

Төмендегі ағзаларды тиісті экожүйемен сәйкестендіріңдер


Ағзалар


Экожүйе түрлері

1. Маржан полипі

а) Жерүсті экожүйе

2. Қызыл балық


3. Қарақұйрық


4. Сексеуіл ағашы


5. Су маржаны


Қоршаған ортаны қорғау

Әр экожүйеде тіршілік ететін ағзаларға адам әрекетінің әсерін түсіндіріңдер.
  • Жерүсті экожүйесі үшін: _______________
  • Тұщы сулы экожүйесі үшін: _______________
  • Теңіздік экожүйесі үшін: _______________
Made on
Tilda