§51. өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың рөлі
Өсімдік түрлері
  • Мүктер
    Ылғалды ортада өседі, тамырдың орнына ризоидтары бар. Қарапайым құрылысты жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мысал: көк мүк, сфагнум.
  • Гүлді өсімдіктер
    Жоғары ұйымдасқан өсімдіктер, гүл арқылы көбейеді. Тұқымы жемістің ішінде дамиды. Мысал: бидай, раушан, алма ағашы.

  • Қылқан жапырақтылар
    Тұқымды өсімдіктердің бір тобы, қылқан тәрізді жапырақтары бар.
    Көпшілігі мәңгі жасыл ағаштар. Мысал: қарағай, шырша, арша.

  • Балдырлар
    Суда және ылғалды жерде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер.
    Тамыры, сабағы, жапырағы болмайды; бүкіл денесі таллом түрінде. Мысал: хлорелла, ламинария.
1. Балдырлардың негізгі ерекшелігі:
а) Гүл арқылы көбейеді
б) Қылқан тәрізді жапырақтары бар
в) Тамыры, сабағы, жапырағы болмайды
г) Тұқымы жемістің ішінде дамиды

2. Мүктер қай ортада көп кездеседі?
а) Шөлде
б) Ылғалды жерлерде
в) Құрғақ далада
г) Суда

3. Қылқанжапырақтылардың мысалы қайсы?
а) Ламинария
б) Шырша
в) Бидай
г) Раушан

4. Гүлді өсімдіктердің басты ерекшелігі:
а) Қылқанды жапырақтары бар
б) Гүл және жеміс түзеді
в) Ризоидтары бар
г) Сабақ пен тамыры болмайды


ДҰРЫС/БҰРЫС
Қылқанжапырақтыларда гүл болады.
Мүктер ризоид арқылы топыраққа бекінеді.
Балдырлар тек тұщы суда ғана тіршілік етеді.
Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде болады.
Қарағай – қылқанжапырақтыларға жатады.
Made on
Tilda