Жердің табиғаты біртіндеп өзгеруде. Бұл өзгерісті судан, ауадан, жерден, яғни, барлық жер қабаттарынан байқауға болады. Табиғи ортаның өзгеруі орман өртінен, су тасқынынан, жанартаулардың атқылауынан болуы мүмкін, оның салдары өсімдіктер мен жануарлардың және біртұтас табиғи қауымдастықтардың жойылуына соқтырады.