§8. ЖЕР ШАРЫ НЕДЕН ТҰРАДЫ?
Жердің ішкі құрылысы

Қыртыс

Жердің ең сыртқы қатты қабығы. Оның қалыңдығы құрлықта орта есеппен 30–70 км, мұхит түбінде 5–10 км ғана.
Мантия
Қыртыстың астында орналасқан, қалыңдығы шамамен 2900 км. Ол жоғары мантия (іші жартылай балқыған) және төменгі мантия болып бөлінеді. Бұл қабатта магма пайда болады
Ядро
Жердің орталығы. Ол екіге бөлінеді:
  • Сыртқы ядро – сұйық күйде, темір мен никельден тұрады.
  • Ішкі ядро – қатты, негізінен темірден құралған.

Жер қабықтарын сипаттамаларымен сәйкестендір


Қабықтар

Сипаттама

1. Литосфера

а) Ең ыстық және сұйық күйдегі қабат

2. Мантия

б) Тас қабат, жер қыртысы мен мантияның үстіңгі бөлігі

3. Ядро

в) Тығыз, балқыған жыныстардан тұрады

Жауабы

1-б, 2-в, 3-а

Тапсырмалар
  • Толықтыр

    Жердің ішкі құрылысы үш негізгі қабаттан тұрады: _____, _____, _____.

    Жердің орталық бөлігі – _____, ол өте ыстық.

    • Литосфера – бұл _____ және мантияның үстіңгі бөлігі.
  • Дұрыс/Бұрыс

    Жердің ядросы қатты және суық.

    Мантия литосфераның астында орналасқан.

    Литосфера – тек жер қыртысынан тұрады

  • Парктикалық тапсырма

    «Жердің ішкі құрылысын көрсететін үлгі жаса»
    • Пластилин немесе түрлі-түсті қағазды қолданып, жердің 3D моделін жаса.
    • Әр қабатты бөлек түспен белгіле және атауларын жаз.
Made on
Tilda