Жазықтық бетінде Жерді қалай бейнелеуге болады? Жер бетінің жеке аумақтарын жазықтықта бірнеше тәсілмен: фотосурет, аэрофотосурет, жергілікті аумақ планында, картада көрсетуге болады.
Жергілікті аумақ планы – бұл жер бетінің кішігірім телімін қағаз бетінде бейнелейтін сызба. Барлық нысандар онда шартты белгілермен көрсетіледі. Аэрофотосуретте көрінбеген нысандар да планда көрсетіледі. Планнан қала, ауыл, теміржол стансыларының, өзендердің және т.б. атын білуге болады.