§12. ЖЕРГІЛІКТІ АУМАҚТЫҢ ПЛАНЫН ҚАЛАЙ ТҮСІРУ КЕРЕК?
(№ 1 САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС)
Жұмыс барысы
1. Тұсбағдар бекітілген планшет пен ақ парақ дайында; (а)
2. Жергілікті аумақта полюс нүктесін таңдап, оны планшетте белгіле. Планшетті бағыттап, онда нұсқармен солтүстік-оңтүстік бағыттарын белгіле. (а)
3. Жергілікті аумақтағы планда бейнеленетін, полюс нүктесінің айналасындағы нысандарды таңда
4. Планшетті айналдырмай, үшқырлы (визирлі) сызғышпен таңдалған нысандарға бағыттарды белгілеп ал. Бағыттар сызығын сыз. (ә)
5. Қадаммен нысандарға дейінгі арақашықтықты анықта. Арақашықтыққа байланысты планның масштабын таңда. Бағыттар сызығы бойынша масштабқа арақашықтарды қой. (б)
6. Нысандарды шартты белгілермен белгіле. Планның тақырыбын жаз. (в)
Made on
Tilda