ТӘУЕЛСІЗ АЙНЫМАЛЫ
– Бұл зерттеу кезінде біз өзіміз өзгертетін шама.
– Ол басқа айнымалыларға тәуелді емес.
Мысалы: Өсімдікке берілетін су мөлшері (күнде 50 мл, 100 мл, 150 мл).
ТӘУЕЛДІ АЙНЫМАЛЫ
– Бұл тәуелсіз айнымалының әсерінен өзгеретін шама.
– Яғни, біз оның өзгерісін бақылаймыз.
Мысалы: Өсімдіктің бойының өсуі (су мөлшері артқан сайын өсімдік қалай өзгереді?).
ҚАДАҒАЛАНАТЫН АЙНЫМАЛЫ
– Бұл тәжірибе кезінде өзгермей, бірдей сақталатын шарттар.
– Олар нәтижеге әсер етпеуі үшін тұрақты болады.
Мысалы: Өсімдіктің түрі, топырақ құрамы, жарық мөлшері (бәріне бірдей).
"Өсімдікке судың әсері". Төмендегі тәжірибені қара және әр айнымалыны анықта.
1-тапсырма
Тәуелсіз, тәуелді және қадағаланатын айнымалыларды ата.
А) Тәжірибе:
Оқушылар әртүрлі температурада (10°C, 20°C, 30°C) суда қанттың еру жылдамдығын тексереді.
2-тапсырма
B) Тәжірибе:
Әр түрлі уақыт аралығында (1 сағат, 2 сағат, 3 сағат) күн сәулесінің өсімдікке әсерін тексеру.
Тәуелсіз айнымалы:
Тәуелді айнымалы:
Қадағаланатын айнымалылар:
Шығармашылық тапсырма
“Сен мектеп зертханасындасың. Қандай да бір тәжірибе жасап, онда айнымалыларды анықтап көр. Қысқаша жазып бер.”