§4. ДҮНИЕЖҮЗІ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАНДАЙ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНАДЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ
СИ – халықаралық бірліктер жүйесі, метрлік өлшемдер жүйесінің заманауи нұсқасы. СИ әлемдегі күнделікті өмірде де, ғылым мен техникада да айрықша кең көлемде қолданылатын бірліктер жүйесі болып табылады.
Қазақ халқының ежелгі өлшемдері
Қадам – адам аяғының адымына тең ұзындық өлшемі (60–70 см).
Құлаш – иық деңгейінде екі жаққа жайылған екі қолдың саусақ ұштарына дейінгі мөлшерге тең ұзындық өлшемі. Құлаш саудада, тұрмыста, сондай-ақ салық төлеу кезінде есептесу үшін пайдаланылған.
Қап – масса өлшемі. Бір қап Қазақстанның оңтүстігі мен Орталық Азияда 65–66 кг-ға, Қазақстанның басқа өңірлерінде 6 пұтқа (96 кг) тең. Астық массасын өлшеу үшін салық төлеу кезінде, саудада және өзара тауар алмасу кезінде есептесу үшін пайдаланылған.
3-кесте деректерін пайдаланып, берілген шамаларды СИ жүйесіне келтір.
0,3 т = кг 2 км = м 2 сағ = с 450 мм = м 0,5 ч 0,5 с = с 6 мин = с 200 г = кг