Мәтін түрінде баяндау – ақпарат берудің ең көп тараған тәсілі. Ол белгілі бір ережеге сай реттеледі.
Мәтіндер екіге бөлінеді: кәдімгі (қарапайым) ғылыми Мәтінге қойылатын талаптар: Ойдың жүйелілігі және түсініктілігі; Артық ақпарат пен әсірелеу сөздер болмауы.
Графикалық ақпарат – мәтінді толықтырып, түсіндіріп, көрнекі көрсетеді. Графикалық материалға қойылатын талаптар:
Мәтінмен үйлесуі
Бір қарағанда түсінікті болуы және қажетті белгілерді қамтуы
Әр графика мен кестенің атауы және нөмірі болуы.
Затты-бейнелі ақпарат зерттеуші анықтағандай қажеттілік туындаған жағдайда ғана ұсынылады.
Мысалы, қызықты фото суреттер, түпнұсқалық және ақпараттық суреттер және басқалары беріледі.
ТАПСЫРМАЛАР
ТОЛЫҚТЫР
1. Мәтін екіге бөлінеді: _____ және ______. 2. Мәтінге қойылатын басты талаптар – ___ және ______. 3. Графикалық материал мәтінді ______ және ____ үшін қажет.