§6. МИКРО ЖӘНЕ МАКРОӘЛЕМНІҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ
МИКРОӘЛЕМ
Микроәлем – бұл молекулалар, атомдар, қарапайым бөлшектер – көзге көрінбейтін тым кішкентай микро нысандар әлемі.
МАКРОӘЛЕМ
Макроәлем – макронысандар әлемі. Оның өлшем бір лігі адам тәжірибесінің өлшемімен өзара қатынаста: кеңістіктік өлшемдер миллиметрмен, сантиметрмен және километрмен, ал уақыт – секундпен, минутпен, сағатпен, жылмен көрсетіледі.
МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС
1. Микропрепаратты дайында. Зат қоятын әйнекке тамызғыштың көмегімен кірпікшелі кебісше тамшысын тамыз. Әйнек жабынмен бетін жап
2. Судың артық мөлшерін құрғақ немесе ылғалды қағаз сулықпен сіңіріп ал
3. Микропрепаратты микроскоптың зат үстеліне қой. Микроскоптың көру өрісінен кірпікшелі кебісшені тап
4. Дәптеріңе бақылап отырған нысаныңды жаз
5. Қорытынды жаса: микроәлем нысандарының ерекшелігі неде