Жердегі барлық үдерістер Күн энергиясы және Жердің ішкі энергиясы арқылы жүреді.
Мысалы: өсімдіктердің өсуі, жануарлардағы энергия алмасу, мұздардың атмосфераны салқындатуы.
Табиғи компоненттер бір-бірімен байланыста.
Бір компонент өзгерсе, басқалары да өзгеріп, тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысады.
Табиғатта өздігінен тазару, реттелу қасиеті бар.
Су айналымы – Жер қабықтарының өзара әрекеттесуінің жарқын мысалы. Бұл процесс литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфераны байланыстырады.