Жер шамамен 4,6 млрд жыл бұрын қалыптасып, біртіндеп атмосферасы мен мұхиттары пайда болды. Тіршіліктің шығу тегі туралы әртүрлі болжамдар бар. Креационизм – тіршілікті жоғары күш жаратты дейді. Өздігінен жаралу – тіршілік өлі заттан пайда болды деп есептейді. Панспермия – тіршіліктің тұқымы ғарыштан келді десе, Абиогенез – тіршілік өлі заттардан дамыды дейді. Ал Биогенез бойынша тіршілік тек тіршіліктен пайда болады.