§10. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ОҚИДЫ
КАРТАНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?
  • ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ

    Картаны сызғанда арнайы заңдар мен ережелер қолданылады.
  • ЖАҚТАУЫ

    Картаны қоршап тұрған сызықтар – жақтау деп аталады.
    Сыртқы жақтау – шеңбер, тіктөртбұрыш сияқты әртүрлі пішінде болады.
    Ішкі жақтау – картаның суретін тікелей қоршап тұрады.
  • ЕНДІК ПЕН БОЙЛЫҚ

    Ішкі және сыртқы жақтаулардың арасында Жердің ендігі мен бойлығы көрсетіледі.
  • ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

    Картаның бос жеріне шартты белгілердің түсіндірмесі жазылады.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ
АУМАҚТЫҚ ҚАМТУЫ БОЙЫНША
  • Дүниежүзілік карта

    Бүкіл Жер шарын толық көрсететін карта. Онда барлық материктер, мұхиттар, мемлекеттер және негізгі географиялық нысандар бейнеленеді.
  • Материктер картасы

    Жердің ірі бөлігі – материкті толық қамтитын карта (мысалы: Африка материгінің картасы). Онда материктегі таулар, өзендер, шөлдер және елдер көрсетіледі.
  • Мемлекеттер мен аймақтар картасы

    Белгілі бір елді немесе аймақты толық бейнелейтін карта. Ол картада сол жердің шекарасы, қалалары, жолдары және табиғи нысандары болады.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ
Масштабы бойынша
  • Ірі масштабты


    – Жердің кішкентай бөлігін (қала, ауыл) өте анық және егжей-тегжейлі көрсетеді.
    – Масштабы үлкен: 1:10 000, 1:50 000 сияқты.

    – Мысалы: қала картасы.

  • Орта масштабты


    – Жердің орташа аумағын көрсетеді (облыс, аймақ).
    – Масштабы: 1:200 000 – 1:1 000 000 аралығы.
    – Мысалы: облыс картасы, ел картасы.
  • Ұсақ масштабты


    – Жердің үлкен бөлігін (мемлекет, материк, дүние жүзін) көрсетеді.
    – Масштабы кішкентай: 1:5 000 000 және одан да кіші.
    – Мысалы: дүниежүзілік карта.

Есте сақта!


  • Масштаб үлкен болса – аумақ кішкентай, бірақ анық көрінеді.
  • Масштаб кішкентай болса – аумақ үлкен, бірақ деталь аз.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ
МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
  • ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ


    • Жер бетінің табиғи және адам жасаған нысандарын түгелдей көрсетеді.
    • Онда таулар, өзендер, ормандар, қалалар, жолдар сияқты нысандар болады.
    • Мысалы: дүниежүзілік физикалық карта, саяси карта.
  • ТАҚЫРЫПТЫҚ КАРТА


    • Белгілі бір тақырыпты ғана көрсетеді.
    • Мысалы: ауа райы, халық саны, жер сілкіністері, өсімдіктер.
    • Мысалы: климат картасы, халық тығыздығы картасы.
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
  • СЫЗЫҚТЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР


    Сызықтық шартты белгілермен ұзындығы айтарлықтай, ені тар аумақ нысандары бейнеленеді. Мұндай нысанға автокөлік жолдары, теміржол магистральдары, құбыр желілері, байланыс желілері мен электр берілісі желілері жатады.

  • АНЫҚТАМАЛЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР


    Анықтамалық шартты белгілер. Карталарда елді мекен, өзен, көл, тау, орман мен басқа да нысандардың атауы жазылады. Сонымен бірге әріптік және сандық белгілер түрінде анықтамалық жазбалар беріледі.

  • МАСШТАБТАН ТЫС ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР


    Егер де нысан көлемі кіші болуына байланысты картада масштабтық белгімен белгілене алмайтын болса, онда масштабтан тыс шартты белгілер қолданылады.
  • МАСШТАБТЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР


    Аумақ нысандары картаның масштабында масштабтық (кескіндік) шартты белгілермен бейнеленеді.
Географиялық картада Жер беті кішірейтіліп көрсетіледі.
Тақырыптық картада барлық табиғи нысандар бірге көрсетіледі.
Ірі масштабты картада дүние жүзі бейнеленеді.
Дүниежүзілік карта – кіші масштабты картаға жатады.
Терминдермен жұмыс:
  • Географиялық карта
  • Дүниежүзілік карта
  • Тақырыптық карта
  • Масштаб
"Ірі масштабты картада ауыл, қала көшелері анық көрінеді. Ал кіші масштабты картада материктер мен мұхиттар ғана көрсетіледі."

Сұрақтар:
  1. Неліктен кіші масштабты картада ұсақ нысандар көрінбейді?
  2. Сен өз ауылыңның картасын жасау үшін қай масштабты таңдар едің?
Made on
Tilda