§11. Масштабты пайдаланып, картада арақашықтықты қалай дұрыс есептеуге болады
Масштаб – сызбада, планда немесе картада бейнелеген кезде заттың нақты өлшемі неше есе кішірейтілгенін немесе ұлғайтылғанын білдіретін сан. Картада барлық нәрсе кішірейтіліп салынады: Егер картада 1 см = Жерде 1 км болса, бұл масштаб екенін білдіреді.
Егер масштаб 1:1000 болса – картадағы 1 см жер бетінде 1000 см (немесе 10 м) болады.
Қаланың картасында екі мектеп арасы 5 см деп тұр. Масштаб 1:10 000 болса:
Шын өмірде екі мектеп арасы = 5 см × 10 000 = 50 000 см = 500 м.
Масштаб түрлері
САНДЫҚ
Бұл – картадағы және жердегі қашықтықтың арақатынасын сан арқылы көрсетеді. Үтір немесе теңдік белгісі болмайды. Мысалы, 1:250 000
АТАУЛЫ
Бұл – картада қашықтық сөзбен жазылып көрсетіледі. Яғни, картадағы 1 см жер бетінде қанша метр немесе километрге тең екенін сөзбен айтады. Мысалы, 1 см-де 2,5 км
СЫЗЫҚТЫҚ
Сызықтық масштаб – картада сызғыш сияқты салынған сызық. Ол жердің шынайы қашықтығын өлшеуге көмектеседі.
Есеп мысалдары
+ батырмасын басу арқылы, шешу жолын өз жауабыңмен салыстыр
Шешуі: 1:500 000 масштаб дегеніміз – картадағы 1 см шынайы өмірде 500 000 см-ге тең. 1.Алдымен картадағы қашықтықты шынайы қашықтыққа айналдырамыз: 4 см × 500 000 = 2 000 000 см
2.См-ді метрге аударамыз: 2 000 000 см ÷ 100 = 20 000 м
3.Метрді километрге аударамыз: 20 000 м ÷ 1000 = 20 км
Жауабы: Екі қала арасы шынайы өмірде 20 км.
Шешуі: Сандық масштаб 1:200 000 дегеніміз: картадағы 1 см – жер бетінде 200 000 см
Сантиметрді метрге айналдырайық: 200 000 см ÷ 100 = 2 000 м
Метрді километрге айналдырайық: 2 000 м ÷ 1 000 = 2 км Атаулы масштаб: 1 см = 2 км
Жауабы: Сандық масштаб 1:200 000 → атаулы масштаб 1 см = 2 км
Шешуі: 1 см = 0,5 км
Алдымен 0,5 км-ді сантиметрге айналдырамыз: 0,5 км = 500 м 500 м = 50 000 см (өйткені 1 м = 100 см, ал 500 м × 100 = 50 000 см)
Енді сандық масштабты жазамыз: 1:50 000
Жауабы: Атаулы масштаб 1 см = 0,5 км → сандық масштаб 1:50 000
1. Картаның сандық масштабын атаулы масштабқа айналдыр:
1 : 250 000
1 : 125 000 000
1 : 20 000 000
1 : 600 000
1 : 500 000
1 : 8 000 000
1 : 1 000 000
1: 12 500 00
Атаулы масштабты сандық масштабқа айналдыр:
1 см-де – 5 км 1 см-де – 10 км 1 см-де – 50 м 1 см-де – 250 км 1 см-де – 320 км 1 см-де – 75 км 1 см-де – 500 м 1 см-де – 500 км