Параллель – глобуста немесе картада экваторға параллель жүргізілген шартты сызықтар.
Меридиан – глобуста немесе картада бір полюстен екінші полюске шартты түрде жүргізілетін сызық.
Градустық тор – картадағы ендік пен бойлық сызықтарының жиынтығы. Ол Жердегі нүктенің орнын табуға көмектеседі.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕНДІК
Жердегі нүктенің экватордан қаншалықты солтүстікке немесе оңтүстікке қарай орналасқанын көрсететін шама.
Мысал:
Алматының географиялық ендігі – 43° с.е. (солтүстік ендік).
Буэнос-Айрес – 35° о.е. (оңтүстік ендік).
Яғни, экватордан жоғары болса – солтүстік ендік, төмен болса – оңтүстік ендік.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БОЙЛЫҚ
Жердегі нүктенің бастапқы меридианнан (Гринвич меридианы) қаншалықты шығысқа немесе батысқа қарай орналасқанын көрсететін шама.
Мысал:
Нұр-Сұлтанның географиялық бойлығы – 71° ш.б. (шығыс бойлық).
Лондон – 0° (бастапқы меридианның бойында).
Яғни, гринвичтен оңға қарай болса – шығыс бойлық, солға қарай болса – батыс бойлық.