§18. Минералды тыңайтқыштардағы азоттың, калийдің және фосфордың маңызы

Қоректену деген не?
Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді.
Қоректену - бұл өсімдіктердің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән.
Өсімдіктердің қорегіндегі ең басты элементтер
азот, фосфор және калий
  • Азот

    Азот жетіспеген жағдайда жапырақтар сарғайып, уақытынан бұрын түсіп қалады. Өсімдіктердің өсуі баяулайды, бүйір өркендері нашар түзіледі, тамырлардың тарамдануы азаяды. Өсімдіктердің азоттық ашығуын болдырмау керек, себебі азотсыз жаңа нәруыздар түзілмейді.

  • Фосфор

    Фосфорлық ашығу жапырақтарда көкшіл жасыл, сирек жағдайда қола тәрізді түстің пайда болуына әкеледі. Өсімдіктің өсуі, гүлдеуі, содан кейін жеміс және тұқым беруі тоқтайды.

  • Калий

    Топырақта калий

    жетіспеген жағдайда тамырлар нашар өседі, түйнектер мен пиязшықтар баяу дамиды. Жапырақтары су жетіспегендей солыңқы көрінеді, ал олардың жиегінде күйік тәріздік қоңыр дақтар пайда болады.

Топырақта қандай да бір жетіспейтін элементтердің орнын толтыра отырып, тыңайтқышты мөлшерден артық енгізуге болмайтындығын есте ұстаған дұрыс. Әйтпесе артық мөлшердегі тыңайткыш өсімдіктердің өзіне зиян келтіруі мүмкін. Топыраққа минералды тыңайтқыштарды олардың құрамындағы тұздардың мөлшері топырақта болуы керек мөлшерден көп болатындай етіп енгізеді. Сонда ғана суда еріген минералды тұздар топырақтан өтіп, өсімдік жасушаларына дейін жетеді.

"Өсімдіктегі өзгерісті тап" тапсырмасы (логикалық)

Бақшадағы өсімдіктердің кейбірінде келесі белгілер байқалады:


№1 өсімдіктің жапырағы бозарып, өсуі баяулаған

№2 өсімдіктің тамыр жүйесі әлсіз дамыған

№3 өсімдік жиі ауырады, жемісі дұрыс піспейді

Made on
Tilda