§1. Экологиялық факторлар
Экологиялық фактор дегеніміз не?

Экология тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология бөлімі. Ал экологиялық факторлар деп тірі ағзалардың тіршілігіне әсер ететін кез келген жағдайлар және қоршаған ортаның құрам бөліктерін атайды. Барлық тірі ағзалар қоршаған табиғи ортасыз тіршілік ете алмайды.

Заманауи экологияда экологиялық факторлардың үш тобын: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды ажыратады
  • Абиотикалық
    Абиотикалық факторларға атмосфера газдары, топырақ, жергілікті жер бедері, климат ерекшелігі (температура), ылғалдылық (өзен, көл, жауын-шашын) т.б. жатады. Оған жергілікті жерге тән жансыз табиғаттың барлық басқа көрсеткіштері де кіреді.


  • Биотикалық
    Биотикалық экологиялық факторлар тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі. Адам да тірі ағза. Адамның табиғатқа әсері соңғы 200 жыл ішінде зор болды.
  • Антропогендік
    Сондықтан адам іс-әрекеті жеке экологиялық фактор антропогендік фактор ретінде қарастырыла бастады.
Made on
Tilda