§3. Экологиялық сукцессия. Экожүйелердің алмасуы

Экологиялық сукцессия деген не?
Экологияның негізгі түсініктерінің бірі экожүйе.

Экожүйе ұзақ уақыт бойы қатар тіршілік етіп, бір-біріне өзара әсер ететін алуан түрлі тірі ағзалардың және жансыз табиғат факторларының тұрақты жиынтығы. Экологтар экожүйе арасында айқын шегара жоқ деп есептейді. Ең үлкен экожүйе биосфера деп аталады.

Біздің ғаламшарымыз бен онда тіршілік ететін барлық тірі ағзалар осы экожүйеге жатады. Өз кезегінде ол материктер (құрлық) мен мұхиттар экожүйелері болып табылады. Мұхит экожүйесі арал, топарал (архипелаг), маржан рифтері, мұхит тереңдігі және т.б. экожүйелері болып бөлінеді.
  • Бірінші реттік сукцессия

    Бірінші реттік сукцессия бұған дейін тіршілік болмаған, өнім бермейтін ортадан басталады. Бұл опырылудан немесе көшкіннен кейінгі тау беткейлері, құм қайрандары, жанартаулық аралдар болуы мүмкін.
  • Екінші реттік сукцессия

    Екінші реттік сукцессия табиғи құрылымы бұзылған экожүйе орнын баяу қалпына келтіру процесінен басталады. Оған су-қоймасында, иесіз қалған егістікте (далада), шалғында, өртенген, кесілген орман орнында, батпақта өсетін өсімдіктер мысал бола алады.
Дұрыс/бұрыс тұжырымдарды белгіле
Ұлттық құндылықтар және экологиялық сукцессия

+ батырмасын басу арқылы, сұрақтың жауабын өз жауабыңмен салыстыр

Made on
Tilda