§4.Адам экожүйенің бөлігі

  • Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерден басқа қалалар мен елді мекендер де жасанды экожүйелер болып табылады.

  • Алғаш рет адамзаттың экожүйеге әсері олар аңшылық үшін отты пайдаланған уақыттан басталды. Ертедегі адамдар тұяқты жануарларды аулау үшін ағаштарды өртеді. Адамдардың мұндай іс-әрекеті экожүйені қатты өзгерте бастады.

  • Сонымен қатар өнеркәсіптік ландшафтылар: кеніштер, шахталар, теміржол және автомобиль жолы, мұнай құбыры т.б. жасанды экожүйеге жатады. Осы жасанды экожүйелердің барлығында табиғи жағдайлар күшті өзгерді және оған адамның ықпалы зор.

  • Адамзат табиғи экожүйелерге әсер етіп қоймай, жасанды экожүйелер жасай бастады. Адам жасаған барлық жасанды экожүйелер жалпы атаумен агроценоздар деп аталды. Себебі ауыл шаруашылығымен байланысты ең үлкен ауданды жасанды экожүйелер алады.

Жасанды экожүйе жасаудағы адамзаттың рөлі. Өркениеттің пайда болуы және дамуынан бастап адамның экожүйеге әсері күшейе түсті.

1-топ

Сенің ауылыңда орманның бір бөлігі кесіліп, орнына зауыт салынды. 5 жылдан кейін өзеннің суы тартылып, құстар азайып кетті.


Сұрақтар:

  • Бұл жағдай экожүйеге қандай әсер етті?
  • Егер сен ауыл әкімі болсаң, экожүйені қалпына келтіру үшін не істер едің?
2- топ

  • Әлемде жыл сайын 15 миллиард ағаш кесіледі
  • Ормандардан 80% жануар түрлері тәуелді
  • Орманды қалпына келтіру үшін 50-100 жыл қажет
  • Сұрақтар:
  1. Бұл мәліметтерден қандай қорытынды шығаруға болады?
  2. Адамдар экожүйеге жағымды әсер ету үшін қандай әрекеттер жасай алады?
3-топ

Сен мектеп экоклубының мүшесісің. Мектептің қасындағы көлге адамдар қоқыс тастайды. Оқушыларға тапсырма: төмендегі шешімдердің ішінен ең тиімдісін таңдап, неге таңдағанын түсіндіріңіз.

Шешімдер:

A) Қоқыс жинау акциясын өткізу

B) Көлді қорық аймағына айналдыру туралы ұсыныс беру

C) Жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу

D) Барлық жауап дұрыс

Дұрыс/Бұрыс

  1. Адам экожүйені тек бұзады.
  2. Қалпына келтірілген орман экожүйенің тұрақтылығын арттырады.
  3. Экожүйеге жағымды әсер ету – тек ғалымдардың жұмысы.
  4. Экожүйенің тепе-теңдігі адамға да маңызды.
Made on
Tilda