§8. Жүйелеудің маңызы

ЖҮЙЕЛЕУ ДЕГЕН НЕ?
Жүйелеу (систематика) бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі.

Бірыңғай жіктеудің нәтижесінде тірі табиғат алуантүрлілігінде белгілі бір тәртіп орнатылды. Дүниежүзінің ғалымдары жүйелеуге байланысты түрлі ағзалардың белгілерін оңай анықтай алады. Жүйелеу тірі ағзалардың бір-бірімен туыстығын белгілейді.
Тіршіліктің негізгі 5 патшалығы: прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар
  • Прокариоттар

    Прокариоттарға барлық бактериялар жатады. Олардың басты ерекшелігі жасушаларында ядро жоқ. Сондықтан латынша pro алдыңғы, бұрынғы және kargon - ядро деген атаудан алынған.
    1
  • Протистер

    Протистерге бір жасушадан тұратын және ядросы бар барлық ағзалар жатады. Заманауи деректер бойынша протистер патшалығы біржасушалы ядролы эукариоттар патшалығы.
    2
  • Саңырауқұлақтар

    Саңырауқұлақтар патшалығына жарық энергиясын пайдалана алмайтын ағзалар жатады.

    3
  • Өсімдіктер патшалығы

    Өсімдіктер патшалығына жасыл зат хлорофилл көмегімен жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар жатады. Өсімдіктер қозғалмайды, сондықтан олар бүкіл энергияны өсуге жұмсайды.
    4
  • Жануарлар патшалығы

    Жануарлар патшалығына жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар жатады. Оларға құрамында қоректік заттар: нәруыздар, майлар мен көмірсулар бар қорек қажет. Жануарлар қозғалады және соған көп энергия жұмсайды.
    5
  • ТҮР

    Өсімдіктер мен жануарлардағы көптеген жүйелік категориялары сәйкес келгенімен, оларда екі айырмашылық болады. Барлық эукариоттардың ең кіші жүйелік категориясы түр.
  • Бір түрге жататын даралар өзара будандаса алады. Олардың құрылысы ұқсас және оларға бірдей жағдай қажет, тіршілік үдерістері де ұқсайды.
  • ӨСІМДІКТЕРДЕ


    Өсімдіктер ДҮНИЕСІ
    Ашықтұқымдылар БӨЛІМІ
    Бүрлі өсімдіктер КЛАСЫ
    Қылқан жапырақтылар ТҰҚЫМДАСЫ
    Қарағай ТУЫСЫ
    Қарағайлар түрі - КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙ

  • ЖАНУАРЛАРДА


    Жануарлар ДҮНИЕСІ
    Қарапайымдар ТИПІ
    Плазмалылар КЛАСЫ
    Тамыраяқтылар ТҰҚЫМДАСЫ
    Амеба ТУЫСЫ
    Кәдімгі амеба - ТҮРІ
Заманауи жүйелеудің негізін қалаған швед ғалымы - ботаник Карл Линней деп есептеледі. Оның 1735 жылы жарияланған «Табиғат шежіресі» атты еңбегі жүйелеуді биологияның жаңа бөлімі ретінде анықтады. Карл Линней құрылысына қарай ағзаларды топтарға бөлді. Оның еңбектерінде көптеген қателіктер мен дәлелсіз деректер болғанымен, Линней жүйесі бірінші жүйе болып саналады.

Төмендегі тіркестерді дұрыс анықтамамен сәйкестендіріңіз


Ғалымдар

Үлесі

A) Карл Линней

1) Эволюция теориясын ұсынды

B) Ч. Дарвин

2) Бинарлық номенклатура жүйесін енгізді

C) А. Ван Левенгук

3) Алғаш рет микроскоппен тіршілік иелерін зерттеді

D) Ж.Б. Ламарк

4) Түрлердің дамуындағы ортаның рөлін көрсетті

Дұрыс/бұрыс тұжырымдарды белгіле
Made on
Tilda