§9. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері

Жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөлуді алғаш рет француз биологі Жан Батист Ламарк қолданды. Олардың ішкі құрылысын салыстырды. Ламарктің ғылыми еңбегінің нәтижесінде жануарлар жүйелеуі едәуір жақсартылып, заманауи жүйелеуге ұқсас бола бастады. Ол, негізінен, барлық жануарларды екі үлкен топқа: омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөлді.
  • Омыртқасыздар

    Омыртқасыздардың белгілері. Ламарк омыртқасыздарға орталық бөлігі омыртқа жотасы болып табылатын ішкі қаңқасы жоқ барлық жануарларды жатқызды. Омыртқасыздарда не шеміршекті, не сүйекті бас сүйегі болмайды.


    • Шұбалшаң буылтық құрттар типіне жатады . Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері едәуір күрделі дамыған. Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суқоймаларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың 9 мыңдай түрі белгілі.
    • Ұлулар денесі жұмсақ, ертедегі көпқылтанақты құрттардан бастау алған омыртқасыз жануарлардың жеке типін түзеді. Олардың түр құрамы 130 мыңға жетеді. Көбінің денесі бақалшақпен жабылған.
  • Омыртқалылар

    Омыртқалылардың негізгі кластары. Омыртқа жотасы немесе желісі (хорда) бар барлық жануарлар желілілер типінің өкілдері. Бассүйектілер тип тармағына омыртқа жотасы мен бас сүйегі бар желілілер (хордалылар) жатады.


    • Балықтар - денелері қабыршақтармен қапталған су омыртқалылары. Тыныс алу мүшелері - желбезектер.Балықтардың көбеюі тек қана суда жүзеге асады.

Ерекшелік


Омыртқасыздар

Омыртқалылар

Қаңқа

Ішкі қаңқасы жоқ, көпшілігінде сыртқы қаңқасы (хитин, қабық) болады.

Ішкі қаңқасы бар (сүйек немесе шеміршектен тұрады).

Дене жабыны

Кутикула, қабыршақ, хитинді жабын немесе қабық.

Терісі түк, қабыршақ, қауырсын, немесе жүнмен жабылған.

Дене симметриясы

Көпшілігінде екі жақты, кейбірінде сәулелі (радиальды).

Екі жақты симметриялы.

Дене бөлімдері

Дене бөлімі әртүрлі: бас-кеуде-құрсақ (насекомдар), тек дене және аяқтар (құрттар).

Айқын ажыратылған: бас, мойын, кеуде, құрсақ, аяқ-қол.

Қозғалыс мүшелері

Қосымша аяқтар, қанаттар, қармалауыштар, кірпікшелер.

Аяқ-қол, қанат, жүзбеқанат (түріне қарай).

Жүйке жүйесі

Ішкі жүйке тізбегі немесе жүйке түйіндері (ганглийлер).

Жұлын және ми жақсы дамыған.

Сезім мүшелері

Қарапайым құрылысты (көзшелер, антенналар, химиялық рецепторлар).

Жақсы дамыған (көз, құлақ, мұрын, тіл).

Мысалдар

Шұбалшаң, өрмекші, шаян, қоңыз, медуза.

Балық, бақа, жылан, құс, арыстан.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Сипаттама

Топ (Омыртқасыз/Омыртқалы)

1. Ішкі қаңқасы жоқ, сыртқы қабықпен қапталған


2. Қозғалу мүшелері – аяқ-қол, қанат


3. Жүйке жүйесі – ішкі жүйке тізбегі және түйіндер


4. Терісі – түкпен, қауырсынмен немесе қабыршақпен қапталған



Made on
Tilda