§10. Дихотомиялық кілттер және олардың қолданылуы

Дихотомиялық кілттердің құрылысы қандай?
Дихотомиялық кілттерді ең алғаш ХІХ ғасырда Ж.Б. Ламарк ұсынды. Олар қарапайым әрі қолайлы болғандықтан қазіргі кезде де қолданылады.


Дихотомиялық кілттердің қолданылуы
Оның көмегімен зерттеуші алдында ағзаның қандай туысы мен түрі тұрғанын анықтай алады
Кілттер екі сатыдан тұрады, яғни ол үнемі екі бөлікке бөлінеді. Әр сатыдағы белгілер сипаттамасы бірін-бірі толық жоққа шығарады.
Осындай кілттерді пайдаланған кезде анықтап отырған оқушыда белгілердің екі жиыны болады: теза қабылдау және антитеза - теріске шығару.
Түрлерді анықтау тәсілі
  • Әдетте, анықтамаларда кілттер былай беріледі: алдымен анықтама едәуір ірі жүйелеу категорияға (класс, отряд, қатар, тұқымдас) беріледі. Дихотомиялық кілттер өсімдіктер мен жануарларды анықтау үшін жеке болады. Мысалы, зерттеуші қандай патшалық: өсімдік немесе жануар өкілін қарастырып жатқанын бірден айта алады.

  • Сондықтан бірінші теза «зерттелетін нысан өсімдік», ал антитеза «анықталатын нысан жануар» деген пікір болмайды. Едәуір ірі категория ішіне жылжыған сайын едәуір ұсақ категория (туыс, түр) нысанын анықтауға болатын арнайы кілттер болады.

Дихотомиялық кілт (Қарағайды анықтау)

1-қадам. Өсімдік ашықтұқымды ма?
  • Иә → 2-қадамға өт
  • Жоқ (жабықтұқымды) → Басқа өсімдік
2-қадам. Жапырақтары инелі ме?
  • Иә → 3-қадамға өт
  • Жоқ (жапырақтары жалпақ) → Басқа ашықтұқымды өсімдік
3-қадам. Инелері шоқталып орналасқан ба?
  • Иә → 4-қадамға өт
  • Жоқ (дара немесе қос инелі) → Басқа қылқан жапырақтылар
4-қадам. Шоқта 2 инеден тұра ма?
  • Иә → Қарағай (Pinus sylvestris)
  • Жоқ (3 немесе одан көп ине) → Басқа қарағай туыстастары
Шығармашылық тапсырма: Өз аймағыңыздағы 3 өсімдік пен 3 жануарға арналған дихотомиялық кілт құрастырыңыз.

Мысалы:
  1. a) Жапырағы ине тәрізді → Қылқанды өсімдік
  2. b) Жапырағы жалпақ → Жалпақжапырақты өсімдік
Сөйлемдерді жалғастырыңыз
  • Теза дегеніміз
    Теза қандай да болмасын белгінің сипаттамасы
  • Антитеза бұл -
    антитеза қарама-қарсы белгінің сипаттамасы
  • Дихотомиялық кілттерді неге пайдаланады
    Дихотомиялық кілттердің көмегімен зерттеушінің алдында организмнің қандай түрі мен туысы тұрғанын анықтай алады
  • Дихотомиялық анықтамалық далалық жұмыстарда неге тиімді?
    Себебі ол күрделі ғылыми атауларды білмей-ақ, қарапайым сипаттамалар арқылы ағзаны тануға мүмкіндік береді.
Made on
Tilda