§11. Жасуша ағза құрылысының негізгі бөлшегі

Жасуша деген не?
Ұсақ ағзалар прокариоттар мен протистердің бір жасушадан ғана тұратынын білесіңдер. Ал барлық көпжасушалы ағзалар көптеген жасушалардан тұрады.

Жасуша деген түсінікті ең алғаш Р. Гук қолданған. Ғалым ағаш қабығының ішкі қабатының қимасын қарап, оның жеке ұяшықтардан, жасушалардан тұратынын байқаған. Содан бері жасуша биологиядағы негізгі түсініктердің бірі себебі барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады.
Т Е Р М И Н Д Е Р
  • Жасуша қабықшасының

    Қабықша жасушаны қоршаған ортадан бөлетін, қорғайтын және қажет заттардың жасушаға енуіне мүмкіндік беретін бөлігі.

  • Цитоплазма

    Цитоплазма жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық, яғни ішкі ортасы. Цитоплазмада ядро, жасушаның басқа ұсақ бөлшектері мен құрылымдары болады.

  • Ядро

    Ядро жасушаның маңызды бөлігі; ядросыз көбею жүзеге аспайды. Ядро көбеюге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ол жасуша тіршілігін басқарады.

Ұлпа түсінігі
  • Эволюция барысында миллиардтаған жыл ішінде көпжасушалы ағзалардың бір типті жасушалары ұлпа түзеді. Ұлпа құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы.

  • Ұлпадағы барлық жасушалар бір типті, бірдей тіршілік әрекеті үдерістеріне қабілетті. Бұл оларға бірыңғай қызмет атқаруға және әсерге бірдей реакция көрсетуге мүмкіндік береді.




Жасушадан мүшеге.
Жануарлар ағзасында жеке мүшелер бар: жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан т.б.
Тек жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де мүшелер бар. Өсімдік мүшелеріне сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым жатады. Мүше тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі. Өсімдік және жануар мүшелері ұлпалардан тұрады .

Сәйкестендіру тапсырмасы

Құрылым атауы


Өсімдік жасушасы

Жануар жасушасы

Хлоропласт



Центриоль



Ірі вакуоль



Жасуша қабығы





Made on
Tilda