§14. Органикалық және бейорганикалық заттар

Органикалық және бейорганикалық заттардың маңызы
Тірі ағзалардағы химиялық үдерістер мен құрамбөліктерді зерттейтін ғалымдар барлық заттарды органикалық және бейорганикалық деп үлкен екі топқа бөледі. Бейорганикалық заттар жансыз табиғатта көп мөлшерде кездеседі. Су бейорганикалық заттардың ішінде ең маңызды зат болып табылады.
Органикалық заттар

  • Көміртегі (C) негізінде түзілген, ағзаның құрылысы мен энергия көзі болып табылатын қосылыстар.
Бейорганикалық заттар
  • Денесі күрделенген организмдерде барлық жасушалар сыртқы ортамен байланыса алмады.
  • Организм ішіндегі сұйықтық “ішкі су құбырға” айналды.
Негізгі түрлері
Нәруыздар (ақуыздар) – құрылыс материалы, ферменттер мен гормондардың негізі.
Майлар (липидтер) – энергия қоры, жылу сақтау.
Көмірсулар – энергияның негізгі көзі (глюкоза, крахмал).
Нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) – тұқым қуалау ақпаратын сақтайды.
Негізгі түрлері:

Су (H₂O) – жасушаның негізгі бөлігі, зат алмасудың ортасы.
Минералды тұздар – кальций, калий, натрий, магний тұздары.
Газдар – оттегі (O₂), көмірқышқыл газы (CO₂).

  • Органикалық заттар
    • Органикалық заттар негізінен тірі ағзаларда түзіледі. Органикалық заттардың сипаттамасы. Органикалық заттарғa нәруыздар, майлар, көмірсулар мен нуклеин қышқылдары жатады. Нуклеин қышқылдар (ДНҚ) тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет.
    • Көмірсулар немесе қанттар. Атауы айтып түрғандай олардың дәмі тәтті. Көмірсулар көп мөлшерде жүзім, қауын, қарбыз, өрік, алмұрт, алма сияқты төтті жемістердің құрамында болады. Сонымен, күріш, бидай, сұлы, арпа, жүгері дәндерінде көмірсулар мөлшері көп .
  • Бейроганикалық заттар

    Судан басқа бейорганикалық заттарға оттек, сутек, темір және бір химиялық элементтен тұратын басқа барлық жай заттар жатады. Сонымен қатар бейорганикалық заттарға тұздар кальций фосфаты немесе қышқылдар фосфор қышқылы сияқты күрделі заттар жатады .


Мәтін:
"Сара күн сайын фастфудпен тамақтанып, көкөніс жемейтін. Бір күні дәрігер оның ағзасында темірдің жетіспеушілігі бар екенін айтты. Темір – қан құрамындағы гемоглобиннің құрамына кіреді."

Сұрақтар:
  1. Сара неге өзін әлсіз сезінген болуы мүмкін?
  2. Темірдің жетіспеуі қандай ауруға әкелуі мүмкін?
  3. Темірге бай қандай тағамдарды ұсынар едің?


Made on
Tilda