§15. Элементтердің өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар
Калий де өсімдік өсуі үшін қажет. Калий жетіспесе өсімдіктің өсуі тоқтайды. Ол сондай-ақ өсімдік ағзасында судың таралуына, тамыры мен сабағының тіректік элементтерінің қалыптасуына әсер етеді.
Магний азот сияқты хлорофилл құрамына кіреді. Магний, азот немесе темір жетіспесе, өсімдік жапырағы бозғылт тартады, ақшыл болады немесе сарғаяды.
Кальций калий сияқты судың таралуында маңызды рөл атқарады, тамырының қалыпты дамуына жөне өсімдік өсуінің тоқтауына әсер етеді.
Элемент | Қызметі |
A. Азот (N) | 1. Тұқым мен жемістің пісуін тездетеді |
B. Фосфор (P) | 2. Жапырақтағы хлорофилл түзілуі үшін қажет |
C. Калий (K) | 3. Ақуыз, фермент түзуге қатысады |
D. Магний (Mg) | 4. Фотосинтездің негізгі пигментінің құрамына кіреді |