Адам қаңқасы 200-ге жуық сүйектен тұрады. Ол үш негізгі қызмет атқарады:
1. Тірек - бұлшықеттер мен мүшелердің орнықты тұруын қамтамасыз етеді.
2. Қорғаныс - ми, жүрек, өкпе сияқты маңызды мүшелерді қорғайды.
3. Қозғалыс - бұлшықеттер сүйектерге бекиді де, қозғалыс жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы:
- Бас сүйек миды қорғайды.
- Омыртқа дененің негізгі тірегі.
- Кеуде қуысы жүрек пен өкпені қорғайды.
"Егер адам қаңқасында сүйектер болмаса, не болар еді?"
- Шағын әңгіме
жаз/суретін сал.
Берілген сөздер:
Жамбас, бас сүйек, өкпе, иық сүйегі, шынтақ.
- Қайсысы артық? Неліктен?
Тірек-қимыл жүйесінің бес "досын", бес "дұшпанын" жаз. Мысалы: досы - спорт.