АУЫРЛЫҚ КҮШІ
ҮЙКЕЛІС КҮШІ
Денелер сыртқы күштің әсерінен қозғалады.
Мысалы, футбол добын тепсең - ол домалайды, яғни қозғалады. Егер оған ешкім тимесе, ол сол орнында тұра береді.
Түйін: Денені қозғалысқа келтіру үшін оған бір нәрсе әсер етуі керек.
Әрекеттесу дегеніміз - бір дененің екіншісіне әсер етуі. Мысалы, қолыңмен кітапты итерсең - ол қозғалады. Магнит темірді қозғалта алады.
Түйін: Денелер бір-біріне тірек арқылы немесе қашықтан әсер ете алады.
Күш - денелердің қозғалысын өзгерте алатын немесе пішінін өзгерте алатын әсер.
Күш F әрпімен белгіленеді. Өлшем бірлігі - Ньютон (Н).
Түйін: Күш - қозғалысты тудыратын себеп.
Ауырлық күші - Жердің денелерді өзіне қарай тартуы. Сол күштің арқасында заттар жерге құлайды. Мысалы, қолыңнан қалам түсіп кетсе - ол жерге құлайды.
Түйін: Ауырлық күші әрқашан төменге, Жерге қарай әсер етеді.
Серпімділік күші - дене қысылғанда немесе созылғанда пайда болатын күш. Мысалы, серіппені созсақ, ол кері тартады - бұл серпімділік күші.
Түйін: Серпімділік күші дененің пішіні өзгергенде пайда болады.
Үйкеліс күші - бір дене екіншісінің бетімен қозғалғанда оған қарсы әсер етеді. Мысалы, допты кілем үстімен домалату қиын, өйткені үйкеліс көп.
Түйін: Үйкеліс күші қозғалысқа қарсы әсер етеді.
Күш түрі | Сипаттама |
Ауырлық күші | А) Пішіні өзгергенде пайда болатын күш |
Серпімділік күші | Ә) Жердің заттарды өзіне тартуы |
Үйкеліс күші | Б) Қозғалысқа қарсы әсер ететін күш |
Ауырлық күші болмаса, не болар еді?
Бөлім | Мазмұны |
Кіріспе | Тақырыпқа жалпы шолу. Не туралы жазатыныңды айту. |
Негізгі бөлім | Өз ойыңды нақты 2–3 дәлелмен жеткізу. Мысал келтіру. |
Қорытынды | Қысқаша түйін. Не үйрендің, қандай ой түйдің. |
Эссе жазуға арналған тірек сөздер
Бөлім | Қолдануға болатын сөздер мен тіркестер |
Кіріспе | – Бұл тақырып мен үшін өте маңызды, себебі... – Мен бұл туралы өз ойымды айтқым келеді. – Адам өмірінде бұл ұғым үлкен рөл атқарады. – Бұл тақырыпты таңдау себебім... – Менің ойымша, бұл тақырып әр адамға қатысты. |
Негізгі бөлім | – Менің ойымша... – Менің өмірімде мұндай жағдай болған. Ол кезде... – Осыған байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр:... – Мысалы,... / Айталық,... – Бұл тақырыпқа байланысты менің ойым — ... – Бұдан біз мынаны байқаймыз:... – Тағы бір дәлел ретінде айта аламын:... – Бұл жағдай менің өмірлік көзқарасыма әсер етті. |
Қорытынды | – Қорыта айтқанда, мен бұл тақырыптан көп нәрсе үйрендім. – Менің түйгенім – ... – Алдағы уақытта мен... – Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. – Мен бұл ойымды өмірде қолдануға тырысамын. |