§54. ЭКОЖҮЙЕНІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР?

Табиғи экожүйе
Адам араласпай, табиғатта өздігінен қалыптасқан тірі ағзалар мен жансыз орта бірлестігі. Мысалы: орман, өзен, көл, дала.
Жасанды экожүйе
Адам қолымен жасалған немесе өзгертілген тіршілік ортасы. Мұнда организмдер адам еңбегі арқылы сақталып, дамиды. Мысалы: егін алқабы, бақ, аквариум.
Экожүйелер (көлемі бойынша)
  • Микроэкожүйе

    Өте кішкентай экожүйе. Мысалы, бір кесе судағы балдырлар мен кішкентай жәндіктер немесе ағаштың діңіндегі қыналар.

  • Мезоэкожүйе

    Орташа көлемдегі экожүйе. Мысалы, шағын көл, шалғын немесе орман бөлігі.

  • Макрожүйе

    Өте үлкен экожүйе. Мысалы, үлкен орман, шөл немесе теңіз.
  • Ғаламдық деңгейдегі экожүйе

    Бүкіл Жердің табиғаты мен тіршілік иелері біртұтас жүйе ретінде. Мысалы, планетамыздағы барлық орман, су, ауа және тірі ағзалар бірге жұмыс істейді.
Экожүйелер (энергия көзінің типі бойынша)
Күннің әсерінен қалыптасатын
Күннің әсерінен және басқа да табиғи көздер әсерінен қалыптасатын
Күннің әсерінен және адам іс-әрекетінен қалыптасатын
Жанармай әсерінен қалыптасатын

Сәйкестендіру


Экожүйе түрі

Анықтамасы (әрпін жазыңыз)

1

Табиғи экожүйе


2

Жасанды экожүйе


3

Микроэкожүйе


4

Мезоэкожүйе


5

Макроэкожүйе


6

Ғаламдық экожүйе



Анықтамалар:
A – Орташа көлемді, мысалы – орман массиві
B – Адам әрекетінсіз, табиғатта өздігінен дамитын
C – Бүкіл Жер шарын қамтитын
D – Адам іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын
E – Өте үлкен, мысалы – дала, теңіз
F – Өлшемі кішкентай, мысалы – құлаған ағаш діңі
«Экожүйелер достасса»

– Экожүйелер арасында байланыс бола ма?
– Егер орман, өзен және егіндік “дос” болса, олардың бір-біріне қалай көмектесетінін әңгіме түрінде жаз (5–6 сөйлем).
2-тапсырма. Төмендегі сурет атауларын екі топқа бөл:

Бақша, орман, теңіз, егіндік, өзен, жылыжай, тау, қала паркі, шөл, аквариум.


  1. «Табиғи» деп бөлінгендерді жасыл түспен қоршап сыз.
  2. «Жасанды» деп бөлінгендерді көк түспен қоршап сыз.
Made on
Tilda