§55. НЕЛІКТЕН ЭКОЖҮЙЕЛЕР ӨЗГЕРЕДІ?
  • Экологиялық түрткіжайт деген не?


    Табиғаттағы тірі ағзалардың өміріне әсер ететін кез-келген жағдай немесе фактор.


    Ол жақсы да болуы мүмкін (өсімдіктерге күннің жылуы, жаңбырдың суы), қиындық туғызуы да мүмкін (қатты аяз, құрғақшылық).



  • Мысалы


    • Күннің шығуы – гүлдің ашылуына түрткі болады.
    • Қатты жел – ағаштың бұтағын сындыруы мүмкін.

    Есте сақта: Түрткіжайт – табиғаттағы «қозғаушы күш», ол тірі ағзаның қалай өсетінін, дамитынын, бейімделетінін анықтайды.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРТКІЖАЙТ
БИОТИКАЛЫҚ
Табиғаттағы тірі ағзалардың бір-біріне әсері.
Мысалдар: Қоян шөп жейді. Қасқыр қоянды аулайды. Ара гүлді тозаңдандырады
АБИОТИКАЛЫҚ
Табиғаттағы өлі (жансыз) орта факторлары.
Мысалдар: Күннің жарығы. Жаңбыр мен су. Жел, температура, топырақ құрамы.
АНТРОПОГЕНДІК
Адам әрекетінен туындайтын әсерлер.
Мысалдар: Ауыл шаруашылығы (егін егу, суару). Қала құрылысы. Қоқыс тастау немесе табиғатты қорғау
  • Организмдерге оның ортасында әсер ететін жанды табиғаттың химиялық және физикалық түрткіжайттар жиынтығы:

    а) биотикалық

    ә) антропогендік

    б) абиотикалық

    в) экологиялық

  • Қоршаған орта түрткіжайттарының қайсысы абиотикалық түрткіжайтқа жатпайды?

    а) үйінділердің жиналуы

    ә) ауаның ылғалдылығы

    б) судың температурасы

    в) жарықтың әсері

  • Фитогендік түрткіжайттарға жатады

    а) паразитизм, симбиоз

    ә) жануарлардың өсімдікті қорек ретінде пайдалануы.

    б) адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесі

Made on
Tilda