Атомдар соншалықты кішкентай, оларды көру мүмкін емес болған, сондықтан олардың бар екендігі және құрылымы жанама тәжірибелердің көмегімен зерттелген.
Қазіргі уақытта ғалымдар атомның ортасында атом ядросы болатынын, ал ядроның айнала-сында электрондар деп аталатын бөлшектер қозғалып жүретіндігін дәлелдеді . Электрондар үнемі қозғалыста болады. Олар белгілі бір орбита бойынша қозғалады.
Протон дегеніміз не?
Протон – атом ядросының ішінде болатын бөлшек. Ол оң зарядталған (яғни, оң таңбалы).
Нейтрон дегеніміз не?
Нейтрон – атом ядросында протондармен бірге орналасқан бөлшек. Оның заряды жоқ, яғни бейтарап бөлшек.