Бізді қоршаған ортада әртүрлі өзгерістер мен құбылыстар үнемі болып тұрады.
Мысалы, күннің шығуы, жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, найзағайдың жарқ етуі — бәрі де табиғат құбылыстары деп аталады.
Барлық тірі табиғи денелерде, яғни организмде болатын құбылыстарды биологиялық құбылыс деп атайды.
Физикалық құбылыстарда жаңа заттар пайда болмайды, бірақ зат пен дененің көлемі, пішіні, орналасуы, агрегаттық күйі өзгереді.
Темірдің тот басуы | Биологиялық |
Өсімдіктің өсуі | Астрономиялық |
Күннің тұтылуы | Физикалық |
Мұздың еруі | Химиялық |