Заттардың бөлшектері көрінбейтін қоспаны (тіпті микроскоппен де) біркелкі қоспа деп атайды.
Көзбен (немесе микроскоппен) көрінетін зат бөлшектері бар қоспаны біркелкі емес қоспа деп атайды.
Кеңінен таралған қоспаны бөлу тәсілдері - тұндыру, сүзу, елеу, буландыру. Қоспаны бөлудің ең қарапайым тәсілі -тұндыру. Ол қоспа компоненттерінің тығыздығы ерекшеліктеріне негізделеді.