Тәжірибе. Ерітінді құрамындағы әрбір заттың массалық үлесін анықтау. Саған қажетті нәрселер: өлшеуіш стақан, су, ас тұзы, электронды таразы. Сен зат суда еріген кезде, оның массасы өзгере ме, соны білесің.
1-тапсырма. Өлшеуіш стақанға су құйып, электронды таразыға өлше. Мәнін дәптерге жаз.
2-тапсырма. Ас тұзын жеке өлше. Мәнін дәптерге жаз.
3-тапсырма. Тұзды суға еріт, содан кейін ерітіндіні өлше.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер: Ерітіндінің массасы өзгерді ме? Қалайша? Бұдан қандай заңдылықты шығара аласың? Заттың суда еріген кезіндегі оның массасы туралы қандай қорытынды шығаруға болады? Қорытындыны жаз. Сен қандай ерітінді алғың келетінін білу үшін, алдын ала еріткіш пен еритін заттарды өлшеп алу керек.