Қажет жабдықтар: химиялық стақан, шыны таяқша, өлшеуіш цилиндр, массасы әртүрлі тастары бар таразы, ас тұзы, су.
1. 150 г 3%-дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша су мөлшерін және қанша ас тұзының массасын алу керектігін есепте.
2. 1-тапсырма бойынша қоспа дайында.
a) Таразы басын теңестір.
ә) Қажетті тұзды өлшеп ал.
б) Мензуркамен қажетті сукетемін өлшеп ал.
в) тұзды химиялық стақанда шыны таяқшамен араластырып, суға еріт.
3. Алынған ерітіндіге 150 г су қос.
a) Бұл жағдайда ерітіндінің концентрациясы қалай өзгеретінін есепте (еріген заттардың массалық үлесі).
ә) Дәптерге керекті есептерді жаз, жұмыс бойынша қорытынды жаса.