Индикаторлар тек химиялық болмайды. Біздің айналамызда тұрмыста қолданылатын өсімдік индикаторлар кездеседі. Мысалы, қызылша шырынының қасиетін білген адам борщты ашық түсті ете алады. Ол үшін борщқа аздап асханалық сіркесу немесе лимон қышқылын қосу керек.
Қышқылдық ортадан бейтарап ортаны немесе әлсіз сілтілік ортаны мықты сілтілік ортадан ажырату өте қиын немесе мүмкін емес. Сондықтан химиялық зертханада синтетикалық индикаторларды қолданады.