Қалақайдың дуылдатып ашытатын түктерінің жасушалық шырынының құрамында құмырсқа қышқылы болады екен. Міне, дуылдатып күйдіретін осы құмырсқа қышқылы. Енді алдымен оның әсерін бейтараптандыру қажет. Ең жақсы құрал кәдімгі ас содасы болып табылады. Ауырсыну сезімін жою үшін су мен ас содасынан сұйық ботқа түрінде қоспа әзірлеп, зақымданған жерге жағу керек.