Кеңінен қолданысқа ие жасанды материалдардың бірі – нейлон. Одан киім-кешек, кілемнің түрлері, теннис ракеткасы, балық аулайтын тор және басқа да заттар алынады. Нейлон алғаш рет 1938 жылы (АҚШ) алынды. Оны Нью-Йорк және Лондон қалаларының ғалымдары ойлап тапқан болатын. Атауы осы қалалардың алғашқы буындарынан құралған: Ny және Lon.